АЛҒА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» (4-39-95) ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРЛАНДЫРАДЫ.
Сенім телефоны – бұл кез келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін анонимді түрде жүгіне алатын және өзінің сауалына жауап таба алатын қызмет.
«Сенім телефонының» мақсаты – отбасылық жайсыздықты, балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суицидальды көңіл-күйлерін алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға мүмкіндік беру.
«Сенім телефонының» жұмысы қажетті мәселелер бойынша қоңырау шалушыны ақпараттандыру, мүмкін болатын көзбе-көз кеңес және практикалық көмек үшін маманды сауатты таңдау мүмкіндіктерін береді.
Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес жүргізіледі:
• Құпиялылық;
• Қол жетімділік;
• Абонентке құрмет;
• Абонентті тыңдау.
«Сенім телефонының» жұмыс режимі – 8 сағат
Үзіліс уақыты сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін.
Құрметті мектеп оқушылары, ата-аналар!
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде сіздер кедергісіз сенім телефондарына хабарласа отырып, көмек алуларыңызға болады.
Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмек көрсететін тегін анонимдік қызметі.
«111» бірыңғай call-орталығы – қоңырау шалу тегін, Қазақстан Республикасында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетіледі.
8 (7172) 742528 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.
8 (7132) 55-17-92-Ақтөбе облыстық білім басқармасының сенім телефоны
8 (71337) 4-39-95-Алға аудандық білім бөлімінің сенім телефоны
8 (71337) 4-37-98 - №2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының сенім телефоны
Жағдай туындаса – ҚОҢЫРАУ ШАЛ!!!